Қоғам
1 мин оқу 312
Қазақстан мен Израиль арасында әуе рейсі ашылады
<p style="text-align: justify;">7 қыркүйектен бастап Алматы – Тель-Авив бағытында тікелей тұрақты жолаушылар рейсі ашылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер орындай бастайды.
Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
