Әдебиет
1 мин оқу 160

Бакудегі қазақ әдебиеті кеші

<p style="text-align: justify;">Әзербайжан астанасы Бакуде түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетінің II фестивалі өтті. Іргелі іс-шараның алғашқы күні қазақ әдебиетіне арналды. Мерекелік жиында түркі халықтарының бай рухани мұрасы мен мәдени құндылықтары өскелең ұрпаққа насихатталды.</p>

Бакудегі қазақ әдебиеті кеші

«Қазақ әдебиеті» күні қарсаңында еліміздің маңызды кітаптар шоғыры ұсынылған. Оқырман назарына қазақ тарихшылары, қаламгерлер ең­бегінің қазақ тілімен қоса әзер­байжан тіліндегі нұсқасы таныс­тырылды. Көрмеге кітаптармен қа­тар жергілікті қолөнершілердің жұмыстары қойылып, келушілердің қызығушылығын туғызды.

Мұнан соң кеш Қазақстан мен Әзербайжан өнерпаздарының қа­тысуымен кон­церттік бағдарламаға ұласты. Туыс­тас екі елдің халық ән­дері орындалып, көрнекті қазақ ақындарының өлеңдері оқылды. Со­нымен бірге домбырашыларымыз күй тартып, әуелетті Ұлы даланың қоңыр сазын.

Бөлісу:
Бакудегі қазақ әдебиеті кеші · Egemen Qazaqstan