Аймақтар
1 мин оқу 260
Алматы аудандарының бірінде ыстық су өшіріледі
<p style="text-align: justify;">Алматының Әуезов ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Алматы жылу желілері» кәсіпорнының мәліметінше, 19 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданы аумағындағы Ұлықбек – Сайын – Жандосов – Яссауи контурында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда ыстық су уақытша өшіріледі.
«Магистральдық құбырды қайта құру кезінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытша құбырдың жалғау желілеріне шектеулер енгізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу:
