Қоғам
1 мин оқу 384

Ақсуда жасөспірім қыз көпқабатты үйден құлап, көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Ақсуда 15 жастағы оқушы қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;&nbsp;</p>

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, жасөспірім өз үйінің тоғызыншы қабатының балконынан құлаған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Жедел-жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға орнына алты минуттан кейін жедел-жәрдем бригадасы келіп, қыздың қайтыс болғанын растады.

«Туыстарының айтуынша, жасөспірім үйдің кіші балаларының қайда екенін білу үшін терезеден аулаға қарап, абайсызда құлап кеткен», деп хабарлады «103» бригадасы.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және прокурор барды.

Облыстық департамент полициясының мәліметінше, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруді дәлелдеу» бойынша тергеліп жатыр.

Бөлісу:
Ақсуда жасөспірім қыз көпқабатты үйден құлап, көз жұмды · Egemen Qazaqstan