Пікір
1 мин оқу 300

Патриотизм балабақшадан басталады

<p style="text-align: justify;">Ұлттық құрылтай &ndash; қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Мұнда өз ісінің мамандары қордаланған ұлттық ауқымдағы мәселелерді ортаға салып, билікке жеткізеді.</p>

Патриотизм  балабақшадан басталады

Құрылтайда Президент тіл мәселесін байыппен шешу керегін айтты. Шынымен де, мемлекет қазақ тілін үйренуге бар жағдайды жасады. Оған ешқандай кедергі жоқ. Тіпті өзге ұлт өкілдерінің емін-еркін меңгеруіне қолайлы мүмкіндік қарастырылған. Мәселен, Алматыдағы ұйғыр этномәдени орталығында қазақ тілін оқытатын жексенбілік мектеп бар. Тілді меңгеруге құл­шыныс жүректен шығуға тиіс. Адамда қалау болмаса, қыруар қаржы бөлінсе де, тілді оқып жарытпайды. Ал жүректі ашатын құрал – патриотизм. Әсіресе ұлттық патриотизмге баланы жас­тай, балабақшадан баулу керек. Соның ішінде балаларға арналған мультфильмдерде халқымыздың батырлары кө­бі­­­рек көрсетілсе. Балдырғандар со­ларға еліктеп елін сүйетін, жерін қорғайтын ер-азамат болып өсуге талпынар еді.

Жалпы, балаларға арналған оқулықтар, оларға берілетін тәр­бие жайында Президент жақсы ой өрбітті. Мұның барлығы ел да­муы­ның алдағы стратегиялық жоспарына кіретіні мені ерекше қуант­ты.

Шаймардан НУРУМОВ,

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени бірлестігінің төрағасы

Бөлісу: