Басылым
2 мин оқу 291

Журналистің алғашқы жинағы

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 балалар кітапханасында журналист, &laquo;НұрСұңқар&raquo; республикалық байқауының жүлдегері Қалиакбар Үсем&shy;ханұлының &laquo;Аңсап келдім, Ата&shy;&shy;жұрт&raquo; атты алғашқы публи&shy;цис&shy;&shy;ти&shy;&shy;калық кітабының тұсаукесері өтті.</p>

Журналистің алғашқы жинағы

«Ой түбінде жатқан сөз», «Сөз сырына құштарлық», «Тілдестірмек тілшіден» атты үш бөлімнен тұратын жинаққа автор­дың кейінгі жылдары ұлт тағдыры, ел жағдайы, тіл мәселесіне қатысты мақа­лалары мен сұхбаттары енген.

Осы кітапқа жазған алғы сөзінде көр­некті қаламгер, тарихшы, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Қойшығара Салға­ра: «Өз басым үш тарауға топтастыры­лып, елу түрлі тақырыпты қамтыған қолжаз­баны түгел оқып шыққанда әртүрлі оқи­ғалардан құралған үзік-үзік шағын әңгі­мелерді емес, қазақ халқы бастан кешірген тірліктің белгілі бір кезеңінің бар болмысын көз алдыңа әкелген «бас-аяғы бүтін» толыққанды тұтас бір көркем шығарманы оқығандай күй кештім. Жинаққа енген еңбектердің қай-қайсысының да ақпараттық мағлұматының танымдық тағы­лымы басым. Осыған орай бұлар­ды газет мақалалары дегеннен гөрі «этно­графиялық танымдық шағын әңгімелер жинағы» деп қабылдасақ та артық болмайтын секілді», деп баға беріпті.

Мазмұнды шарада белгілі жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы оның қаламы тө­селген қарымды журналист екенін атап өтті.

« Ол Қытайдағы «Шыңжаң» газетінде біраз жыл қызмет істеп, қалыптасты. Бет­кеұстар тілші болды. Оның бір артық­шы­лығы – қытай мен қазақ журна­лис­тикасының ерекшелігін бойына сіңіріп, соны шығармашылығында шебер пайдаланады», деді ол.

 Сондай-ақ іс-шара барысында жазушы Қойшығара Салғара, түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек, «Ас­тана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр және «Қандас» медицина мамандары қауымдастығының төрағасы Жеңіс Қалиязымұлы сөз алып, оқырманға жол тартқан жаңа жинақ туралы ой қозғап, авторға шығармашылық табыс тіледі.

Бөлісу:
Журналистің алғашқы жинағы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар