БАСЫЛЫМ
БАСЫЛЫМ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Тұлғалар түлеген басылым

Қазақ баспасөзінің бастауында тұрған «Қазақ» газеті ұлтымыздың төл энциклопедиясы тәрізді. Халқымыздың арман аңсарын, ұлт зиялыларының ой-кенін, уақыт үнін тарихқа таспалаған басылым қилы заманның қыспағында жұртқа жолбасшы болды. Тарихымызды түгендеп, өткенімізге көз тастағанда іздегенімізді содан тауып, онда басылған әр мақаланы үңіле парақтайтынымыз да сондықтан.

Театр «Шырағданы»

Театр тарихы әрдайым архивте немесе мемлекеттік құжаттарда ғана сақталмайды. Кейде ол сахна шымылдығының ар жағында, репетиция залындағы үнсіз еңбекте, ұлт мәдениетінің қалыптасуына өмірін арнаған адамдардың жүрегінде өмір сүреді. Уақыт өткен сайын архив сарғаяды, куәгерлер сирейді. Сондай шақта естелік – өткеннің үнін бүгінге жеткізетін алтын көпірге айналады.

Тарихи «Торғай газеті» жарық көрді

Қостанайда «Торғай газеті» жинағының алғашқы екі томының таныстырылымы өтті. Іс-шараға қатысушылар өлкетануға қосылған елеулі үлес деп бағалаған еңбекті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары құрастырып шығарған.

Балалар контенті: Талаптыны таныту жолы

Бүгінгі шығармашыл балалар – ертеңгі ақын, жазушы, суретші, ғалым. Сондықтан олардың бойындағы дарынды дер кезінде байқап, өнерге баулу – қоғамның ортақ міндеті. Әсіресе цифрлық технологиялар алға озған уақытта балалардың өлең мен әңгіме жазуға, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру бұрынғыдан да өзекті. Соның ішінде жас таланттарды қолдап, олардың шығармашылығын көпшілікке танытуда баспасөздің жауапкершілігі айрықша. Себебі БАҚ балаларға шығармашылық алаң ұсынып, туындыларын жария­лап, түрлі байқау ұйымдастыру арқылы болашақ қаламгерлер мен өнер иелерін тәрбиелей алады. Балалар шығармашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жас дарындарды қолдаудағы түйткілдер, оларды шешудің тиімді жолдары туралы «Ұлан» газетінің бас редакторы Жадыра НАРМАХАНОВА, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Бағдат МӘЖИТОВ, «Ақ желкен» журналының бас редакторы Балжан МҰРАТҚЫЗЫ ойын ортаға салады.

«Айқап» – алғашқы пікір алаңы

Қазақтың алғашқы басылымдарының бірі «Айқап» журналын ХХ ғасыр басындағы алғашқы пікір алаңы деуге болады. Себебі қазіргі әлеуметтік желінің қызметін ол кезде «Айқап» атқарды. Биыл жарыққа шыға бастағанына 115 жыл толатын журнал бетінде оқырмандар жер, оқу-ағарту, әйел теңдігі, дін, тіл, т.б. мәселелерді қызу талқылап, үн қосып отырды.

Құсбегілік өнер туралы кітап

«Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі, этнограф Бекен Қайратұлының «Қазақтың құсбегілік өнері» атты танымдық кітабы жарық көрді.

Қазақстан мен Еуропа Одағы: Стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Euronews» телеарнасының сайтында жарияланған авторлық мақаласы осылай аталады. Президенттің Брюссельге ресми
сапары қарсаңында жарық көрген бұл мақалада Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі, оның келешегі мен стратегиялық басымдықтары
жан-жақты сараланған.

Елдікке еңбек етер екі кітап

Кітап ырғын шығып, жұрт қырыла оқып жататын кешегі бір заманда газет-журнал бетінде рецензия деген жанрдың жалы күдірейіп тұрар еді. Солардың талайында мынандай бір қасаң қалып болатын. Шығарманы мақтап-мақтап келетін де, аяқ жағына қарай, соңғы абзацтың алдына «Әрине, туынды кемшіліксіз емес» деген ыңғайда сөйлем жазылатын, әрі қарай автор мін деп тапқан бірер жай айтылатын. Одан кейін аттың басын қайырып алатын да, кітапқа жалпы жақсы баға беретін жаймашуақ раймен түйіндеп тастайтын.

Бекзат болмысы – түрік тілінде

Түркия астанасы Анкарада Олим­пиада чемпионы Бекзат Саттар­хановқа арналған кітап жарық көрді. «Ақындардың көзінде һәм сөзінде Бекзат Саттарханов» атты еңбек түрік тілінде басылып шықты.

Ұлт баспасөзіндегі кітап насихаты

Қазақ руханиятын жоғары деңгейге көтерген ұлт қай­рат­керлері кітап шыға­руды ағартушылық идея­ны таратып, саяси ой қалып­тастыратын һәм ұлт­тық сананы оятатын мәде­ни феномен ретінде қарас­тырды. Сол себепті ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінде кітап насихаты жүйелі түрде жүргізілді.