Басылым
3 мин оқу 30

Қазақстан мен Еуропа Одағы: Стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуірі

<p style="text-align: left;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың &laquo;Euronews&raquo; телеарнасының сайтында жарияланған авторлық мақаласы осылай аталады. Президенттің Брюссельге ресми <br />сапары қарсаңында жарық көрген бұл мақалада Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі, оның келешегі мен стратегиялық басымдықтары <br />жан-жақты сараланған.</p>

Қазақстан мен Еуропа Одағы: Стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуірі

Қасым-Жомарт Кемелұлы ма­қаласында Қазақстан мен Еу­ро­па Одағы арасындағы серік­тестік бүгінде бұрынғыдан да маңызды мәнге ие екенін атап өтіп, ынтымақтастықты жаңа дең­гей­ге көтеру үшін қажетті үш негіз­гі стратегиялық мақсатты ай­қын­дады. Мемлекет басшы­сы 2015 жылы Кеңейтілген әріптес­тік және ынтымақтастық туралы келісімге (EPCA) қол қойылғаннан кейінгі он жыл ішінде Еуропа Одағы Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесіне айналғанын ерекше атап өтті.

«Елімізде мыңдаған еуропа­лық компаниялар табысты жұ­мыс істеп, экономикамызды жаң­ғыр­ту мен әртараптан­дыруға жәрдемдесе отырып, Еуро­паға да пайда әкеліп жатыр. А­лайда тез құбылып жатқан әлем­де бұл жеткілікті ме? Менің ойым­ша, олай емес», деп жазды
Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Брюссельге айқын ұмтылыс пен нық сенім­мен оралғанын, Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы әріп­тестік қазіргі геосаяси жағ­дай­да бұрынғыдан да өзекті бола түскенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл серіктестікті одан әрі нығайту екі тараптың да ұзақмерзімді мүдделеріне толық сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы ынты­мақ­тастықтың келесі кезеңі үш нақты стратегиялық мақсат­қа негізделуге тиіс екенін атап көрсетті. Біріншіден, тұрақты­лықты нығайту қажет. Екіншіден, барлық деңгейдегі байланыс­тарды кеңейту маңызды. Үшін­шіден, азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға басымдық берілуі керек.

Сондай-ақ Президент мақа­ла­сында кейінгі жылдары кеңі­нен талқыланған көптеген геосаяси болжамның жүзеге аспа­ғанына назар аударып, қазір­гі жағдайда география мен нақ­ты күш факторлары алдың­ғы қа­тарға шыққанын айтты. Оның пікірінше, жаһандық бәсе­ке­лестіктің күшеюі сауда, техно­логия және инвестиция ағындарының бағытын түбегейлі өзгертіп жатыр.

«Бәсекелестіктің жаңа тол­қыны сауда, технология мен инвес­тиция ағынын қарқынды түрде өзгертуде. Жаһандық жеткізу тізбектері әлсіреді. Ендігі жерде сауда-экономикалық байланыстар ұлттық қауіпсіздік мүдделерінің ықпалына көбірек тәуелді болып барады.

Еуропа жақсы білетіндей, мұндай жағдайда мемлекеттер не қарсылас блоктерге бірігеді, не өзара құрмет пен ортақ мүддеге негізделген жаңа серіктестіктер қалыптастырады.

Қазақстан да мұны жақсы түсінеді: географиямыз бізді құрлықтардың түйіскен жеріне орналастырды, ал сыртқы саясатымыз оларды өзара байланыс­тыруға бағытталған», деп жазды Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның ха­лықаралық байланыстырушы рөлі жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның ай­туынша, еліміздің жалпы ішкі өнімі өткен жылы 306 мил­лиард долларға жетсе, биыл бұл көр­сеткіш 360 миллиард дол­лар­дан асады деген болжам бар. Бұл Қазақстанның өңірлік қана емес, жаһандық деңгей­дегі эконо­микалық әлеуетінің
артып келе жатқанын көрсетеді. Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа үшін сенімді әрі қуатты серіктес екенін атап өтті.

Мақалада Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанатыны, халықаралық дауларды бейбіт жолмен ше­шуді қолдайтыны және үнемі диалогті жақтайтыны да ерекше айтылған. Сонымен қатар Президент Еуропа Одағының мұнай мен мұнай өнімдеріне деген сұранысының шамамен 13 пайызын, ал уран импорты­ның 16 пайызын Қазақстан қам­тамасыз етіп отыр­­ғанына назар аударды.

Авторлық мақалада энер­гетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, инвестициялық ын­тымақтастық, қауіпсіз әрі тиім­ді стратегиялық көлік дәліз­де­рін дамыту мәселелері кеңінен қамтылған. Сондай-ақ жасанды интеллект, цифрлық басқару, инновациялық эко­жүйелер мен сенімді технология­ларды дамыту, білім мен ғылым салаларындағы әріптестікті тереңдету жөнін­дегі бастамаларға ерекше мән берілген.

Мемлекет басшысының ма­қаласы Қазақстан мен Еуро­па Одағы арасындағы ын­ты­­­ма­қ­­­­тастықтың бүгінгі жай-күйін ғана емес, оның болашақ даму бағдарын да айқындайтын маңызды саяси құжат ретінде бағаланады.

Мақаланың толық нұсқасын «Euronews» сайтының EurViews бөлімінен ағылшын тілінде оқуға болады.

Бөлісу: