Энергетика вице-министрі тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Үкімет қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. «Әділет» жоғары заң мектебін, «Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда бас маман болып бастаған. 2004-2012 жылдары мұнай-газ саласында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары KMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, сауда жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2016-2022 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2022 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің басшысы қызметін атқарды.
