Қоғам
1 мин оқу 284

Ауласында көкнәр өсірген Жетісай тұрғыны ұсталды

<p style="text-align: justify;">Жетісай ауданының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама алған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауласында көкнәр өсірген Жетісай тұрғыны ұсталды

Жергілікті полицейлер күдіктінің тұрғылықты жеріне барып, тінту жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде ер адам өз ауласында 3 мың түп есірткіге ұқсас өсімдік еккені анықталды. Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген өсімдік көкнәр болып шықты.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Ауласында көкнәр өсірген Жетісай тұрғыны ұсталды · Egemen Qazaqstan