Спорт
1 мин оқу 225

Ел чемпиондары анықталады

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Талдықорғанда велоспорттан ел чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жа&shy;рыста еліміздің әр өңірінен жиналған 175 үміткер бақ сынауда.</p>

Ел чемпиондары анықталады

Спорттың бұл түрінен халықаралық додалар жыл бойы үздіксіз өтіп тұратыны белгілі. Ал қазіргі кезде екі апталық үзіліс жарияланды. Осы кезде әрбір мемлекет өздерінің ішкі біріншіліктерін өткізуді дәс­түрге айналдырған. Солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазіргі кезде аталған жарыстың алғашқы жүлделері де сарапқа салынып үлгерді. Бақ сынаушылар қата­рында Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Евгений Гидич және Юрий Натаров сынды республика чемпионатында талай мәрте топ жарып, көптеген ха­лықаралық жарыста өздерін жақсы қыр­ларынан көрсетіп жүрген танымал велошабандоздар да бар.

Талдықорғандағы тартыс 26 маусымға дейін жалғасады. Соның қорытындысы бо­йын­ша алдағы уақытта дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын команда жасақталады.

Бөлісу:
Ел чемпиондары анықталады · Egemen Qazaqstan