Өнім
1 мин оқу 320

Аралдықтардың алғашқы өнімі

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысындағы жеті ауданның ішінде күріш екпейтін аймақ &ndash; Арал &shy;ауданы. Негізінен балық, мал шаруашылығымен айналысатын Сырдария&shy;ның теңізге құяр тұсындағы өңір тұрғындары жер несібесіне кейінгі жылдары ғана бет бұрып келеді. Биыл мұнда 87 гектар көкөніс, 342 гектарға бау-бақша дақылда&shy;рын егу межеленген.</p>

Аралдықтардың алғашқы өнімі

Қосжар ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Елтай Төреханов тамшылатып суару әдісі арқылы 2 гектарға қияр, 1,5 гектар алқапқа қызанақ, 14 гектарға қауын-қарбыз егіпті. Қазір күніне қияр­дан 150-200 кило өнім алып отыр. Өнім ауылдағы азық-түлік дүкендерінде 200 теңгеден сатылымға шығарылды. Ал өзге аймақтардағы базар сөрелеріне 350 тең­ге­ден жіберіледі. Жақын арада қарбыз бен қызанақ та пісіп, сауда сөресіне түседі.

Ал Сексеуіл кентінде Ахметжан Боханов 240 шаршы метрлік жылыжай салып, голландиялық қиярдың бірнеше сортын өсіреді. Мемлекет тарапынан қол­дау көріп, қайтарымсыз грант алған кәсіп­кер жылыжайдан бөлек 7 гектарға қауын-қарбыз егіпті.

Осылайша, жергілікті кәсіпкерлер мен өңірдегі ірі сауда орындары мен шағын дүкендерге нарықтағы бағадан едәуір арзан өнім жеткізіп, бағаны тұрақтандыруға өз үлесін қосып отыр.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Аралдықтардың алғашқы өнімі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар