Мәдениет
1 мин оқу 6,780
Әртістердің гонорары туралы ақпарат жалған болып шықты
<p style="text-align: justify;">Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан эстрада жұлдыздарының гонорары туралы ақпарат жарияланған еді. Алайда Мәдениет және спорт министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

- «Ашық НҚА» порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Айта кетейік, әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттерге белсенді атсалысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге жұмсалатын шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ, - делінген министрлік хабарламасында.
Бөлісу:
