Форум
2 мин оқу 412

Жастарға жігер берген форум

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының Жамбыл ауданы орталығындағы &laquo;Жамбыл&raquo; мұражайында &laquo;Qazaqstan Ardagerleri&raquo; қауымдастығының қолдауымен, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Айдын Серікұлының ұйымдастыруымен &laquo;Мен жастарға сенемін!&raquo; атты жастар форумы өтті. Форумға жас мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, кәсіпкерлер, спортшылар қатысты.</p>

Жастарға жігер берген форум

Форум жұмысына Ауған соғысы арда­гер­ле­рі­ ұйымдарының «Qazaqstan ardagerleri» қауым­дастығының төрағасы  Бақытбек Сма­ғұл,­ жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ке­лі­ні  Зейнеп Ахметова, жазушы, абайтанушы­ Омар Жәлел, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лау­реаты Маралтай Райымбекұлы секілді қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, жас мем­лекеттік қызметшілерге елге адал қызмет ету, білім мен ғылымға ұмтылу, ұлттық дәс­түр­ мен салтты қастерлеу тұрғысында ма­ғы­налы да салиқалы әңгіме жүргізді.  

Форум аясында белсенді жас­тар іс-шара­ның­ қонақтарына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды. Бақытбек Смағұл Отанға қызмет ету жолындағы елдік, ерлік жа­йында тағылымды әңгіме өр­бітсе, Маралтай Райымбекұлы ұлттық құн­ды­лықтар, өнер мен әдебиеттің қасиеті тура­лы тебіренді. Зейнеп Ахметова қазақтың от­басы дәстүрі, адамның мейірімі мен қайы­рым­дылығы жайында ойын ортаға салып, Бауыр­жан­ Момышұлы атасының ұлттық тәрбиедегі қа­дір-қасиетін өнеге етіп жеткізді. Омар Жә­лел де қазіргі қоғамдағы орын алып жат­қан­ келеңсіз жағ­дай­лардан мысалдар келтіріп,­ жас­­тар­ды ұлттық құндылықтарға қарай бұрылуға ша­қырды.

 Жиын аясында бірнеше бел­сенді жас «Gazaqstan ardagerleri» қауымдастығының Бауыр­жан Момышұлы атын­дағы «Батыр шапа­ға­ты» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қа­тарында жеке бренд қалыптастырушы ма­ман, «Екінші болма», «Бізге айтылмаған құ­пия»  кітаптарының редакторы, «Сен жал­ғыз­ емессің», «Жан ұясы» кітаптарының жоба жетекшісі Айым Жекенова, Жапония елін­дегі қазақ мәдени орталығының директоры Жадыра Сембай, ұлт­тық заманауи ша­пандар тігіп, қазақ ұлттық киімдерін зама­на­уи­ стильде насихаттап жүрген «Alkum» брен­дінің негізін қалау­шы Темірлан Айдар, жас жазушы Жұлдыз Қайратқызы, күйші, Ұлы­британиядағы халықаралық сайыстың жеңім­па­зы Мәртебе Бауыржанқызы, джиу-джитсу­да­н әлем чемпионы Мұхаммед Болсабек бол­ды. 

Сонымен қатар аға буын өкіл­дерінің ақыл-пара­сатын тыңдап, ортақ мәселелерді талқыға са­лып, өз сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін біл­дірген форум қатысу­шылары  Алматы об­лыс­тық мәсли­хатының депутаты, «Sagadat Batyr-QTT» спорт клубының бас жат­тықтырушысы  Нұр­сұлтан Орынбасаров,  танымал дизайнер,­ сти­лист, Димаш Құдайберген, Мирас Жүгі­ні­сов, «Ninety One» тобының сахналық образ­да­­рының авторы Ақбота Бақытжан, оратор-мотиватор  Арай Серікқызы, маркетинг сала­сы­ның сарапшысы Маржан Абуталип арнайы ал­ғыс­хаттармен мараппаталды.

Жастар мен аға буын форумнан кейін Жам­был, Бауыржан аталарымыздың рухы­на­ құран бағыштап, ескерткіштерге гүл шоқ­­­­­­тарын қойды. Ең бастысы, бұл форум жас­тар­ға жігер бергенін түйсіндік.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ,

журналист

Бөлісу:
Жастарға жігер берген форум · Egemen Qazaqstan