Қоғам
1 мин оқу 262

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті

<p style="text-align: justify;">Бір жыл ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, оның ішінде күріш, картоп, сәбіз сияқты өнімдердің бағасы 9,3%-ға өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексі соңғы аптада өзгерген жоқ. Жылдық мәнде баға 9,3 пайызға өскен.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда сәбіз (+3,3%), картоп (+3%), күріш (+1%), макарон мүйізі (+0,3%), сүзбе сияқты өнімдердің бағасы қымбаттады. Тауық пен сиыр етінің бағасы да шамалы өсті.

Сондай-ақ қырыққабат, тауық жұмыртқасы, қарақұмық, ұн бағасы керісінше арзандады.

Бөлісу:
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті · Egemen Qazaqstan