Басылым
2 мин оқу 240

Елдің үніне айналған басылым

<p style="text-align: justify;">Алаш арыстары қызмет еткен ата басылым &laquo;Жетісу&raquo; газеті 105 жасқа толды. Қай заманда да қоғамның қозғаушы күшіне айналған басылым елдік мүддеден ажыраған емес. Соны ескерген облыс басшысы Бейбіт Исабаев басылым ұжымына жаңа көліктің кілтін табыс етті.</p>

Елдің үніне айналған басылым

Бұқаралық ақпарат құ­рал­­дары қызметкерлері ме­­рекесіне орай ұйымдас­ты­рылған іс-ша­рада өңір бас­шысы жур­налистерді мере­кесімен құт­тықтап, алғысын жеткізді.

«Бүгінгі ақпараттық-ком­­муникациялық технология заманында журналист болу әрі жеңіл, әрі қиын. Олай дейтінім, қазір ақпарат легі өте көп. Со­лай бола тұра соның ішіндегі ең пайдалысын, қажеттісін ха­лыққа сұ­рып­тап, саралап, таразы­лап жеткізе білу, мәлі­мет­тердің рас-өтірігін анық­тау, әр сөздің салмағы мен жа­уапкершілігін сезіну аса маңызды. Расында, елімізде ашық әрі әділетті қоғам қа­лыптастыруда, қоғамдық ба­қылауды кү­шейтуде, би­лік пен ха­лық арасында алтын көпір болуда ақпа­рат құрал­дарының рөлі зор. Сон­дықтан ақпараттық сая­сат­тағы өзгерістер, ең ал­дымен, БАҚ жұмысына ті­келей қатысты, деп атап өткен аймақ басшысы Қазақ журналистикасына еселі ең­бек сіңірген ардагерлер мен аға буын өкілдерінің есім­дерін ай­рықша атап, облыс­тағы бас­­пасөз арналары мен басылымдарын сөз етті.

Ұлттың асыл мұратын ас­қақтатып, жоғын тү­ген­деп, құн­дылығын қас­терлеу, ас­қақ арманына қол жеткізіп, рухымыздың жа­лауын жел­бірету мақ­сатында осыдан 105 жыл бұрын, яғни 1918 жылдың 21 маусымында газет болып хатталған, талай басылымды бауырынан қа­наттандырған «Жетісу» га­зетінің мерейтойына орай облыс әкімі Б.Исабаев ұжым­ға су жаңа (JAC J7) мар­­­ка­лы автокөлік тарту етті.

Көңіл толқыған салтанатты жиын барысында Қа­зақстанның Құрметті жур­налисі Жақыпжан Нұр­ғожаев ата басылымның та­рау-тарау тарихын айтып, облыс әкіміне журналис­тер қауымы атынан алғыс білдірді.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Елдің үніне айналған басылым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар