Аймақтар
1 мин оқу 231

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.</p>

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 25 маусымда сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252-шақырымында болған. Mercedes көлігін тізгіндеген 39 жастағы әйел рөлді басқара алмай, жол апатына ұшыраған. Аударылып қалған көлік иесі оқиға орнында қаза тапты.

«Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Бөлісу: