Тағайындау
1 мин оқу 751

Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Азамат Бауыржанұлы Бекет&nbsp;Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, Экономика және құқық академиясының түлегі.

2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018-2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымында болған.

Бөлісу:
Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды · Egemen Qazaqstan