Өнер
1 мин оқу 210

Платиналы дискіні музейге тапсырды

<p style="text-align: justify;">Әйгілі &laquo;Грэмми&raquo; сыйлы&shy;ғының иегері Иманбек Зей&shy;кенов Потанин атын&shy;дағы тарихи-өлкетану му&shy;зе&shy;йіне өзінің платиналы дискі&shy;сін тарту етті. Заманауи му&shy;зы&shy;калық коллекция саз өне&shy;ріне аңсары ауған жас өрен&shy;дер үшін қызықты болатынына дау жоқ.</p>

Платиналы дискіні музейге тапсырды

Бұл жаңалықты Потанин атын­дағы Тарихи-өлкетану му­зейі әлеуметтік желідегі па­рақ­ша­сында хабарлады. «Қазақ­стан­дық диджей әрі саунд-продюсер Иманбек Зейкенов 2021 жылы алған платиналы дискіні музейге сыйлап, экспонаттар қорын толықтыра түс­ті. Жақын күндері бұл ерекше экспонатты біздің экспозицияларымыздан көре аласыздар» делінген ақпаратта. Музейдің бас қор сақтаушысы Әлия Жомартованың айтуынша, бүгінде аталған мекеменің қорында 143 мыңнан астам жә­дігер бар. Мәдени ұйымға қа­расты Майра Шамсутдинова атын­дағы ән-өнер музей-үйінде кө­біне саз өнеріне қатысты экс­по­наттар топтастырылған.

Айтып өтейік, платиналы дис­кіні Иманбек шетелдік танымал әнші-сазгерлер Rita Ora және David Guetta-мен бірге өңдеген «Big» композициясы үшін алған. Бұл тректе би музыкасы, электро-поп, хип-хоп және хаус ырғақтары бар. Кезінде музыка сыншылары әуен­де кез­десетін дыбыстар мен во­калға ерекше мән берген. Бұл туын­ды Болгариядағы музыка­лық чарт­тарда жетінші орынды иеленсе, Германия, Мажарстан, Ир­лан­дия, Литва, Швейцария, Ұлы­бри­тания елдерінде тыңдарман та­ра­пынан жоғары бағаланды. Bill­board Dance/Electronic Songs рей­тингінде 11-орынмен түйін­делді.

ПАВЛОДАР

Бөлісу:
Платиналы дискіні музейге тапсырды · Egemen Qazaqstan