Алматыда екі троллейбустың бағыты өзгерді
<p style="text-align: justify;">Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметіне сүйенсек, жылу желілерін жөндеу жұмыстарынан Гагарин даңғылында жол жабындысының зақымдалуына байланысты 30 маусымнан бастап №1 және №9 троллейбустың бағыты уақытша өзгерді.
«Гагарин даңғылының Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлігінде №1 және №9 маршруттардың сызбасына уақытша өзгеріс енгізілді. Троллейбустар Тимирязев көшесінің батысымен – Розыбакиев көшесінің оңтүстік жағымен – Березовский көшеснің шығыс жағымен – Гагарин даңғылының солтүстік бөлігімен, одан әрі маршрут бойынша жүреді», делінген хабарламада.

