Оқиға
1 мин оқу 282

«ҚазАвтоЖолдың» бірнеше қызметкері ақша бопсалау күдігі бойынша ұсталды

<p style="text-align: justify;">2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге &laquo;НК &laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
«ҚазАвтоЖолдың» бірнеше қызметкері ақша бопсалау күдігі бойынша ұсталды · Egemen Qazaqstan