Университет
1 мин оқу 322

Жасанды интеллект мектебі

<p style="text-align: justify;">Жақында ғана Сырда Сеул ұлттық ғылым және технологиялар уни&shy;верситетінің филиалы ашылатынын хабарлаған едік. Бүгінде СеулТех пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ара&shy;сындағы &laquo;Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші уни&shy;вер&shy;ситеттік жоба&raquo; жүзеге асырыла бастады. Алда жергілікті оқу орда&shy;сында жасанды интеллект мектебі құрылып, мамандар даярланады.</p>

Жасанды интеллект мектебі

Осыған байланысты Сыр өңі­ріне жұмыс сапарымен келген СеулТех университетінің делегациясымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов кездесіп, алда бірлесіп атқарар шаруаларды талқылады.

Профессор Часу Ким мен Сунг­гон Ким бастаған LUPIC жоба­сы­ның өкілдері біршама уақыт Қор­қыт ата атындағы университетте зертханаларды орналастырудың кеңістіктік аспектілерін, бизнес-инкубация орталығын құруға қатысты мәселелерді зерттейтін болады.

Осы жылдың мамыр айында Қызылорда облысының әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев Кореяға сапары аясында Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесіп, Сырда оқу орнының филиалын ашуды ұсынған болатын. Өңірде осы жобаны іске асыру­ға жан-жақты қолдау көрсетіліп, білім алушыларға жыл сайын облыс әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан грант­тар беріледі. Облыстың даму бағ­дарламасы бюджетіне кампус пен технопарк құрылысын енгізу де жоспарланып отыр.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Жасанды интеллект мектебі · Egemen Qazaqstan