Елорда күнінде 330-дан астам үлескер пәтер иесі атанды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек <a href="https://www.instagram.com/reel/CuWvqBGuLrn/?igshid=Y2IzZGU1MTFhOQ==">Instagram</a> парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті тұрғын үй кешені ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</span></p>
«Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды.
Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді. Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды.
Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтаймыз. Әр үйдің өзіне тән күрделі тарихы бар, дегенмен әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешеміз», деп жазды елорда әкімі.

