Аймақтар
1 мин оқу 271
Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға 6 шілде сағат 23:08-де болған. Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде 3 шаршы метр алаңда қоқыс пен ескі заттар жанып, үйді улы қою түтін басқан.
- Баспалдақ марштары бойымен 80 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді көтеріп алып шықты. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, түтінді сорып шығарды, - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
