Аймақтар
1 мин оқу 253

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт сөндірілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт сағат 19:34-те толығымен сөндірілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

7 шілде сағат 12.50-де Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылынан 3 км қашықтықта Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген.

Өрттің болжамды ауданы 548 га. Өрт сағат 19:00-де оқшауланып, сағат 19:34-те толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығының, Павлодар облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

Бөлісу: