Оқиға
1 мин оқу 320
Бесқарағай ауданында құрғақ шөп өртеніп жатыр
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 12:35-те «101» пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жанып кеткені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аттанды.
Жалын шарпыған аудандарда бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.
Өрт 15:18-де оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады.
«Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта жалынмен 30 адам күресіп жатыр», деп хабарлады министрлік өкілдері.
Бөлісу:
