Қазақстан
1 мин оқу 1,010

Қазақстанда екі ЖОО-ның атауы өзгереді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда екі университеттің атауы өзгереді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КЕАҚ-ны »Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ деп атау ұсынылып отыр. Сонымен қатар университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі беріледі.

Аталған университетке Өзбекәлі Жәнібеков есімін беру жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының мәртебесін арттыруға мүмкінді береді.

 

Сондай-ақ «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ атауының транскрипциясы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ болып өзгереді.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.

Бөлісу:
Қазақстанда екі ЖОО-ның атауы өзгереді · Egemen Qazaqstan