Спорт
1 мин оқу 224

Қоржында – қола жүлде

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Седжон қала&shy;сын&shy;да ұйымдастырылған триатлон&shy;нан Азия кубогінде жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.</p>

Қоржында – қола жүлде

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша, ерлер арасындағы «элит» санатындағы жарыста отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ол белгіленген қашықтықты 52 минут 54 секундта бағын­дырған. Отандасымыз күміс жүлдегер жапониялық Рен Сатодан – 7, чемпион Аоба Ясумацудан 20 секундқа ғана қалып қойды.

Құрлық кубогінің жалпы жүлде қоры – 12 мың доллар. Оның ішінде чемпиондар – 1 500, күміс жүлдегерлер – 1 200, 3-орын алған триатлоншылар 900 долларға ие болды. Биылғы жарысқа 14 елден 100-ден аса кәсіби спортшы жиналған.

Бөлісу:
Қоржында – қола жүлде · Egemen Qazaqstan