Партия
2 мин оқу 312

Өнім өткізу нарығы алаңдатады

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс депутаттары, &laquo;Amanat&raquo; фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Қазыбек Әлішев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында &laquo;Айс плюс&raquo; ЖШС ұжымымен кездесіп, сүт өңдеу зауытын жаңғырту барысымен танысты.</p>

Өнім өткізу нарығы алаңдатады

1999 жылы Ақтөбе қалалық сүт зауыты негізінде құрылған «Айс-плюс» компаниясы сүт, ашы­тылған сүт өнімдері мен бал­мұздақ шығарады. Компания жылдан-жылға қуатын арт­тырып келді. Мәселен, 2018 жылы тәулігіне 20 тоннаға дейін бал­мұздақ өндіруге мүмкіндік бере­тін итальяндық өндіріс желісін іске қосты. 2020 жылы балмұздақ цехы, 2021 жылы сүз­бе цехы жаңғыртылды.

Кездесуде Мәжіліс депутаттары ұжым мүшелерімен алдағы уақытта қаралатын заңдар бойын­ша пікір алмасып, жұрт­шылықтың ойын білді. Ұжым мүшелері ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын ке­ңейту мәселесін шешуді және ішкі нарықты қорғау жөнінде шаралар қабылдауды сұрады.

– Біз заңдарды халық үшін қабылдаймыз және халықпен бірге жазамыз. Басты ұстанымымыз –  осы. Мәселен, халықтың қажетін қанағаттандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне, жалпы Үкіметке көптеген сұрақ қо­йылып, мал шаруашылығын дамытуға қатысты депутаттық сауалдар жолданды. Қазір Аграрлық мәселер жөніндегі комитетте «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» және кейбір заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралып жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бо­йын­ша еліміздегі жаңа заң жобасын екінші сессияда енгізу жос­пар­ланып отыр, – деді Қазыбек Әлі­шев.

Ғалымжан Елеуов тұрғын­дар­мен кездесуде көтерілген мәсе­ле­лерге тоқталды. Соның ішін­­де «Ембі-Алтынды» тас жо­лы­ның жағдайы, Ақтөбедегі Ши­лісай мектебі мен Қандыағаш, Ембі қаласындағы мектептердің құры­лысы депутаттар бақы­лауын­да екенін жеткізді. Сондай-ақ Алға қаласы «Подхоз» елді меке­­нін­дегі мектеп мәселесі де ше­­шілуге тиіс.

Бүгінде «Айс-плюс» ЖШС «Amanat» партиясының жол картасы шеңберінде жалпы құны 3 млрд теңге болатын ауысымына 50 тонна сүт құю цехын ашу бо­йын­ша инвестициялық жобаны жүр­­­гізіп отыр. Қазіргі уақытта цех­ты қайта құру және қойманың құ­­рылыс-монтаж жұмыстары аяқ­талды.

Ақтөбе облысы

Бөлісу: