Пікір
2 мин оқу 266

Әділетті Қазақстанның алғышарты

<p style="text-align: justify;">Егемендік алғалы бергі уақытта елімізде бірқатар әділетсіз жағдайға жол берілді. Мұны жұрттың бәрі &ndash; қоғам да, билік те мойындап отыр. Атап айтқанда, шетке шығарылған, заңсыз иемденген активтер жетерлік. Президент қол қойған құжат осы мәселені шешуге бағытталған.</p>

Әділетті Қазақстанның алғышарты

Меніңше, заң халықтың мемлекетке, билікке сенімін арттыруға тиіс. Сол себепті шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару Әділетті Қазақстанды құрудың, әділет орнатудың үлкен құралы деп есептеймін. Депутаттардың бас­та­масымен бес заң ұсынылды. Күні кеше Конституциялық сот оны мұқият қарастырып, Ата заңымызға қайшы келмейтінін, толықтай сай екенін хабарлады.

Осылайша, Мемлекет басшысы қол қойған күннен бастап үлкен жұмыс бас­талады. Ең алдымен, ұйымдастыру ша­ра­лары қаралатыны сөзсіз. Бас прокуратура жанынан арнайы мемлекеттік орган құрылады, оған 125-ке жуық түрлі саладағы маман тартылады. Олар халықаралық заңнаманы білетін, шетелдік заң саласынан хабардар ха­лықаралық мамандар, сарапшылар, заңгерлер, экономистерден құралмақ. Бұдан бөлек, Үкіметтің қаулысымен құры­латын мем­ле­кеттік комиссияға қоғам қай­рат­кер­лері, Парламент депутаттары, күштік құрылымдық органдардың басшылары енеді деп жоспарланған.

Комиссия тұрақты түрде жұмысын атқарып, мемлекеттік мекемемен етене жұмыс істемек. Тапқан құжаттарын, де­ректерін, тізімін ұсынып, заңсыз шы­ға­рыл­ған активтерді анықтауға белсенді түрде араласады.

Қазіргі таңда еліміз көптеген ха­лықаралық міндеттемені орындады. Қар­жыны қайтару, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық құжат­тар­дың мүшесіміз. Осының барлығы бес заңды қабылдауда негізге алынды. Енді заңды жүзеге асыру мемлекеттің, күштік құрылымдардың өз ісіне жауапкершілікпен қарау мәселесіне айналады. Заң іске асып, кезінде шетелге заңсыз шығарылған қар­жылар мен активтер қайтса, мол қара­жат елдің игілігіне жұмсалса, Әділетті Қа­зақстанның алғышарттары жасалғанына халықтың көзі жетеді.

Айдос САРЫМ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Әділетті Қазақстанның алғышарты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар