Қоғам
1 мин оқу 310
Семей орманындағы өртпен күрескен өжет жандар марапатталды
<p style="text-align: justify;">ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған ірі өрт кезінде қайсарлық танытқан қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен келесі азаматтар марапатталды:
- «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Советов Қанат Талғатұлы;
- «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Батпаев орман шаруашылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дюсеханов Едил Кайратович;
- «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Бегенев филиалының трактористі Мухамеджанов Мұрат Жолдасбайұлы.
Сонымен қатар іс-шара барысында жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың үздік мамандары «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен және министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бөлісу:
