Жарнама
 
Ауа райы
1 мин оқу 390

Бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандардың болжамына қарағанда, елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады. 

Астанада көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 9-14 метр, күндіз екпіні секундына – 15-20 метр болады. Ауа температурасы – түнде +21+23°С, күндіз – +30+32°С ыстық.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына – 0-5 метр. Ауа температурасы түнде – +23+25°С, күндіз – +36+38°С ыстық.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 8-13, 15-20 метр. Ауа температурасы түнде – +22+24, күндіз – +35+37°C ыстық.

Бөлісу:
Бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады · Egemen Qazaqstan