Саясат
3 мин оқу 600

Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған еңбектер

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі белгілі болды.</p>

Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған еңбектер

Комиссия мүшелері мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған 13 жұ­мыс­ты қарап, мемлекеттік ғылы­ми-техникалық сараптаманың нәти­желерімен және төрт секцияның сарап­тамалық-талдамалық ұсыныс­та­рымен танысты. Комиссия отыры­сы­ның қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі кеңінен талқылау мақсатында көпшілік назарына ұсынылды. Енді іріктеуден өткен жұмыстарға аз-кем тоқталып өтейік.

Оспанов атындағы Батыс Қазақ­стан медицина университеті «Репро­дук­тивті денсаулықты қорғаудың ин­новациялық технологиялары» жұ­мысын ұсынып отыр. Оған Арыстан Мамырбаев жетекшілік ете­ді. Авторлардың қатарында Ербол Бекмұхамбетов, Тимур Жар­кенов, Марат Ізтілеуов, Ақылбек Түсіп­қа­лиев бар.

Келесі жұмысты «Жалын» ғы­лы­ми өндіріс-техникалық орта­лы­ғы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған. Жобаның атауы – «Өсімдік талшығынан жаңа отандық түпнұсқа меди­циналық препараттарды өндіруді ұйымдастыру және дамыту». Сестагер Ақназаров жетекшілік ететін жұмыс авторларының қата­рын­да Махмұт Бисенбаев, Сұлтан Төлеуханов, Шолпан Төлейбаева бар.

«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы да мемлекеттік сыйлықтан үмітті. Орталық «Мультирезистентті туберкулезді емдеуге арналған ФС-1 инновациялық дәрілік препараты» жұмысын ұсынып отыр. Оған Александр Ильин жетекшілік етеді. Авторлар тобының құрамы келесідей: Гүлшара Ахметова, Вячеслав Дудник, Ринат Исламов, Бақытжан Керимжанова, Илья Коротецкий, Андрей Курбатов, Гульнара Юлдашева.

Президент іс басқармасы меди­ци­налық oрталығының ауруханасы «Қазақстан Республикасындағы бариатриялық және метаболикалық хирургияның концептуалды реинжи­нирин­гін әзірлеу және енгізу – муль­ти­дисциплинарлық көзқарас» жұ­мы­сын үкілеп бәйгеге қосты. Оның авторларының құрамында Орал Оспанов (жетекші), Насрулла Шаназаров, Бақытжан Биімбетов, Валерий Бенберин, Алексей Цой, Рустам Албаев, Тамара Вощенкова бар.

Еліміздің Ұлттық ядролық орта­лы­ғы «Қазақстан Республика­сы­ның атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеу­лер мен әзірлемелер» жұмысымен додаға түсіп отыр. Оған Эрлан Батыр­беков жетекшілік етеді. Ав­тор­лар құрамы келесідей: Виктор Бакланов, Владимир Витюк, Денис Зарва, Ерболат Қоянбаев, Мәжін Сқақов, Ирина Тәжібаева, Бауыржан Шектібаев.

Келесі жұмыс «Техникалық ма­ман­­дықтарда оқитын қазақ мектеп­терін бітіргендерге қажет тер­мино­ло­гияны қалыптастыру және оқу құрал­дарын құрастыруды дамыту (энергетика саласында)» деп аталады. Оны Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті ұсынған. Авторлық топ екі адамнан тұрады – Бірлесбек Алияров (жетекші) және Мәдина Алиярова.

Индустрия және инфра­құ­­­рылымдық даму министрлігі Ин­­дустриялық даму комитетіне қа­рас­­ты Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлт­тық орталықтың филиалы – Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен істері институты да бақ сынап жатыр. Бұл ұйымның ұсынған жұмысы – «Қазақстанның тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындарының жұмысын цифрлық технологияларды өнеркәсіптік игеру базасында жоғары тиімді қамтамасыз ету». Жұмысқа Ләззат Шамғанова жетекшілік етеді. Авторлар құрамы: Аминям Балтиева, Сейтқали Ғалиев, Владимир Махо­нин, Евгений Шабельников, Нұрмұхамбет Әбдібеков, Анатолий Сам­соненко, Нұрлан Темірбеков.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті «Ұлттық сана­да­ғы мемлекетшілдік пен біре­гей­лік: тарихи және әдеби зерттеулер» атты ғылыми еңбектер циклін ұсынды. Авторлар құрамында Мәмбет Қой­гелдиев, Тұрсын Жұртбай, Ерлан Сыдықов, Дихан Қамзабекұлы бар.

Еске сала кетейік, аталған жұмыс­тар туралы қосымша ақпарат Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің сайтында орна­лас­тырылған. Аталған ғылыми жұ­мыстармен сол жерден егжей-тег­жей­лі танысуға болады.

Бөлісу: