Аймақтар
1 мин оқу 200

Шымкентте тұрмыстық техника дүкені отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы техника дүкенінде шатыр мен оған қоса берілген қойма толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Оқиға сағат 15:24-те Төле би көшесіндегі екі қабатты тұрмыстық техника дүкенінде болған.
«Өрт аумағы 650 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 16:45-те оқшауланды», делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнына қалалық ТЖД 62 қызметкері мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Өрт 17:38-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығындар анықталып жатыр.

Бөлісу:
Шымкентте тұрмыстық техника дүкені отқа оранды · Egemen Qazaqstan