Ауа райы
1 мин оқу 230

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан синоптиктері 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.
«Солтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.

Ел аумағында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі

Астанада көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз өте ыстық +34+36°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз өте ыстық +36+38°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Екпіні 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +36+38°С.

Бөлісу: