Спорт
1 мин оқу 160

Жарысты жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қарт құрлықтың бірнеше мемлеке&shy;тін&shy;&shy;де өтіп жатқан халықаралық теннис тур&shy;нирлерін жерлестеріміз сәтті бас&shy;тады.</p>

Жарысты жеңіспен бастады

Атап айтар болсақ, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Мажарстанның бас шаһары – Будапешттегі WTA 250 Hungarian Grand Prix жарысының алғашқы айналымында дүние­жүзілік рейтингте 295-орында тұрған украи­налық Катерина Володькомен шеберлік бай­қасты. Осы жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз кездесудің басты фа­вориті болса да, алғашқы партияда Володь­коның қарқынына төтеп бере алмады – 6:1.

Дегенмен екінші сетте Путинцева ойын тізгінін қолына алып, 6:2 есебімен таразы басын теңестірді. Ал шешуші, үшінші партияда да жерлесіміз мықтылық танытып, 6:1 есебімен кездесуді өз пайдасын аяқтады. Юлия Путинцева кеше кешкісін ширек финалға шығу үшін әлемнің 88-ракеткасы америкалық Клэр Льюмен ойнады.

Ал Швециядағы ATP 250 Nordea Open додасының жұптық жарысына қатысып жат­қан Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге турнирдің екінші ке­зеңіне шықты. Олар жүлде қоры 630,7 мың еуроны құрайтын доданың бастапқы бәсе­кесінде швециялықтар – Лео Борг пен Симон Фройнды екі сетте тізе бүктірді – 6:1, 6:4.

Бөлісу:
Жарысты жеңіспен бастады · Egemen Qazaqstan