Сенат
1 мин оқу 260

Көкшетаудың алдағы жылыту маусымына дайындығы тексерілді

<p style="text-align: justify;">ҚР Парламенті Сенатындағы Ақмола облысынан сайланған депутаттар Нұрлан Бекенов пен Талғат Жүнісов Көкшетау қаласында болды. Сенаторлар қаладағы бірқатар нысандарды аралап, жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Парламентшілер алдағы жылу маусымына жабдықтар мен жылу желісінің дайындығы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жылу қазандықтарының жағдайынан хабардар болды.

Сенаторлар Красный Яр ауылына барар жолда орналасқан оқу-тәрбие кешені құрылысының барысымен де танысты.

Депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесіп қолға алынған шаралар, оның ішінде энергетика саласын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді.

Бөлісу: