ANTIKOR
1 мин оқу 230
Астананың Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.</p>

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде.
Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу:

