Төтенше жағдай
1 мин оқу 270

Астанада өртеніп жатқан пәтерден адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

25 шілде  сағат 15:55-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсіп,
6 минуттан кейін өрт шыққан орынға кезекші қарауыл келген.

Онда 30 шаршы метр  аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталған. Өрт сөндірушілер өртті сағат 16:28-де оқшаулап, сағат 16:44-те сөндірген.

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 жылғы пәтер иесін құтқарды.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамнан 22 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Астанада өртеніп жатқан пәтерден адам құтқарылды · Egemen Qazaqstan