«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» төрағасы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Есетжан Қосубаев «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы»КЕАҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылып, орнына Құрманбек Жұмағали тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Құрманбек Жұмағалидің масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.
Еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған, «Хабар» агенттігінің жетекші редакторы, тілшісі.
2013-2018 жылдары Құрманбек Жұмағали Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы және Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған.
2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС басқарды, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Осы уақытқа дейін «31» медиахолдингінің бас директоры болып еңбек еткен.

