Аймақтар
1 мин оқу 470

Абай облысында екі ауыл таратылуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Абай облысындағы Аягөз ауданының екі ауылы таратылуы мүмкін, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімі Ашық НҚА порталында жарияланған: «Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

  • Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
  • Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаұлы ауылдық округінің Тарлаұлы ауылының құрамына енгізілсін», делінген мәлімдемеде.  

Ауылдық аумақтарды дамытуды көздеген аталмыш құжат 10-ыншы тамызға дейін көпшіліктің талқылауында болады. 

Бөлісу: