Оқиға
1 мин оқу 330
Маңғыстауда ер адам хабар-ошарсыз кетті
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысындағы Құрық кентінде жоғалып кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықты қамтыған іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері мен ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылардан құралған барлығы 60-қа жуық адам, 20-ға жуық техника, оның ішінде 1 түкұшақ, 10 қайық, жол талғамайтын көліктер жұмылдырылғаны белгілі болды.
7 сүңгуір қайық теңізде іздеу жұмыстарына тартылған, оған қоса, аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
