Футбол
1 мин оқу 200

«Super» балалар доп тепті

<p style="text-align: justify;">Елімізде жас талантты футбол&shy;шы&shy;лар&shy;дың жолын ашуға бағытталған &laquo;Super Bol 2.0&raquo; жобасының екінші маусымы өз мәресіне жетті.</p>

Бірнеше ай бойы еліміздің әр аймағы­нан іріктеліп, жүзден жүйрік шыққан футболшылар өткен сенбіде «Астана Арена» стадионында «QJ league» құрамасымен жолдастық матч өткізді. Кездесуге футболдан әлем чемпионаттарында ең көп матч­та жұмыс істеген өзбекстандық Равшан Ирматов төрелік жасады.

Жас футболшылар арасында өткен аса тартысты кездесуде «QJ league» жігіттері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, «Super Bol» жобасы – DARA президенттік бастамалар қорының және Freedom Holding Corp жобасының басшысы Тимур Турловтың қолдауымен қолға алынған бірегей жоба.

Бөлісу: