Айтыс
1 мин оқу 252

Олжалы оралды

<p style="text-align: justify;">Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын &laquo;Біржанның інілері, Сараның сіңлілері&raquo; республикалық айтысына әулиеталық ақындар да қатысты. &laquo;Алматы тв&raquo; телеарнасы түсірген айтыс бәсекесінде өңірдің жүйріктері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, олжалы оралды.</p>

Олжалы оралды

Еліміздің әр қиырынан жалпы саны 28 үміткер топқа түскен додада Жамбыл облысынан төрт ақын бақ сынады. Төртеудің екеуі үздіктердің қатарынан көрінді.

Шымкенттік Нұрлан Есен­құловпен айтысқан әулиеата­лық Алтынкүл Қасымбекованың өнерін қазылар алқасы да, өнерсүйер қауым да жоғары ба­ғалады. Жеңге мен қайны айты­сының тамаша үлгісін көрсеткен аталған жұптың сөз сайысы расымен де сәтті шықты.

Атыраулық Фариза Жет­піс­баймен сөз сайысқа түскен жам­былдық Мұхтар Қонарбаев та аянып қалған жоқ. Қыз бен жігіт арасында өрбіген айтыс­та жерлесіміз қарсыласының әдемі әзілдеріне ұтымды жауаптар қайтарып, өзінің бабында екенін көрсете білді. Сондай-ақ Тұрар Рысқұлов ауданының тумасы Айтбек Тұрсынбай мен шығыстық Бибігүл Таубалдиева, Жам­былдың үкілі үміті Алина Айдаралы мен алматылық Ақ­ниет Жұбаныш арасындағы айтыстар да қазылардың көңі­лінен шықты.

Республикалық деңгейде ұйым­дастырылған айтыс алама­нында өңір намысын қорға­ған Алтынкүл Қасымбековаға жүл­делі екінші орын бұйырса, Мұтар Қонарбаев үздік үштікті қорытындылады.

Бөлісу:
Олжалы оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар