АЙТЫС
АЙТЫС бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Айтыстың ақтаңгері

Түркістанда белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің, «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы Бекарыс Шойбековтің мерейтойына арналған «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» атты «Наурыз» республикалық ақындар айтысы өтті.

Оралдағы халықаралық жыр додасы

Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, мемлекет қайраткері Мұс­тақым Ықсановтың 100 жыл­дығына арналған «Ел үшін туған ер еді...» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Үмітті үкілеген «Ұлытау үні»

Тамыз айының тамылжыған күндерінде Ұлытау облысында республикалық Халық шығармашылығының XXXIII дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі өтті. Екі күн бойы Ұлытау даласы, Кеңгір жағасы дарынды өнерпаздар мен үміттерін үкілеген өнер ұжымдарының ән мен күйіне бөленді. Талғампаз көрермен талантты ұл-қыздардың өнеріне тәнті болды.

Айтыс өнеріндегі айтулы белес

Жақында Ақтау қаласында республикалық командалық ақындар айтысының финалы өтті. Бұл шешуші сында Қарағанды мен Түркістан облыстарының өнерпаздары бақ сынады. Көрермен көңілін тербеген, рух пен ұлт мұратын жырмен өрген сайыста екі облыс та командалық айтыстың жеңімпазы атанды. 2024 жылдың наурыз айында шымылдығын түрген бұл ауқымды жобаның мақсаты не? Жоба ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарастың қалыптасуына мұрындық бола алды ма? Осы сауалдар бойынша «Amanat» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры, айтыс жанашыры Еркебұлан Жаулыбаевпен сұхбаттасқан едік.

Ақтауды асқақтатқан аламан

«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында өңірде бірнеше іс-шара өтті. Оның бірі – халықаралық Түркі жас қаламгерлері фестивалі болса, екіншісі – «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыстың ақтық сайысы.

Қызылорда астана болғанда...

Биыл Қызылорданың ел астанасы атанғанына 100 жыл толып отыр. Қай заманда да қазаққа құтты ұя болған байырғы мекенде атау­лы жылға байланысты іс-шара жүйелі ұйымдастырылып келеді. Қаладағы «Өнер орталы­ғында» өткен «Үш дәуірдің аста­насы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы да «қазақ» атауын қайтарған қасиетті төрдегі тойға арналды.

Париж төріндегі айтыс

Күні кеше ғана ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде қазақ және қырғыз ақындарының қатысуымен дүбірлі айтыс өтті. Достық кездесу бауырлас екі халыққа – қазақ пен қырғызға ортақ бірегей өнердің 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енуінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мәдени іс-шараға Түркі Мәдениеті және мұрасы қорының өкілдері де қатысты.

Париж. ЮНЕСКО. Айтыс

Күні кеше ғана жақсы бір жаңалық естідік. Париждегі Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында Франция астанасында қазақ және қырғыз ақындарының қатысуымен айтыс өткелі жатқанын хабарлап, Еуропадағы ағайындарымызды төл өнерімізді тамашалауға шақырыпты. Көңіл қуантар хабарды ести сала Парижге телефон шалдық. Алдағы мәдени оқиғаның мән-маңызы мен сипаты жөнінде сұрап білдік.

Бес өнердің басын қосқан бірегей сайыс

Бұрын айтыс екі-үш жылда бір өтетін Қызылжарда соңғы бір ай шамасында екі бірдей республикалық деңгейдегі айтыс өтті. Мұның басты себебі, айтыстың жаңа форматпен – командалық айтыс түрінде өтуі. Наурыз мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысының командалары өзара күш сынасып, қызылжарлықтар сәл басымдықпен жеңіске жеткен еді. Енді өздері сияқты екінші турға өткен Астана қаласының командасымен жексенбі күні кезекті додаға шықты.

Жыл басы мен жыр бәсі

Қызылжарда Наурызға арналған «Береке басы –Наурыз» атты жаңа форматтағы республикалық командалық айтыс басталды. Бұл жобаның авторы – Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының басқармасы. Ал жобаның алғашқы сайысын Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, «Ерік Асқаров атындағы айтыс ақындары мектебі», «Amanat» партиясының облыстық бөлімшесі өткізуге атсалысты.