Аймақтар
1 мин оқу 181

Шығыс Қазақстанда жанармай тек талон арқылы сатылып жатыр

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір жанармай құю станцияларында бензин тек талон арқылы сатылып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, мұндай шектеулер Серебрянск, Белоусовка станцияларында, сондай-ақ Глубокий ауданы, Риддер мен Самар аудандарында байқалып отыр.

Аталған аудандар мен шағын станциялардың тұрғындары жанармай тапшылығын сезініп жатыр. Айта кетсек, облыс орталығы Өскеменде жағдай тұрақты.

Еске сала кетсек, шілде айында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жүргізу мақсатында жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді. Содан бері елде АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы байқала бастады.

Бөлісу: