Қоғам
1 мин оқу 283

Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Оқиға орнында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге дереу жеткен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір тұрғындар эвакуацияланып жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнында жедел штаб құрылғаны қоса хабарланды.

«5-6-қабат арасындағы лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды», деді қалалық ТЖД қызметкерлері.

Бөлісу: