Варшавадан – бес жүлде
<p style="text-align: justify;">Польшаның бас шаһары – Варшава­да ұйымдастырылған әйелдер күресі­нен XXVII Poland Open халықара­лық турнирі өз мәресіне жетіп, жерлес­тері­міз байрақты бәсекеде 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.</p>

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Польша бозкілеміндегі бәсекелерде жерлестерімізден Ирина Казюлина (65 кг) мен Анастасия Панасович (72 кг) бас жүлде үшін өткен белдесулерде қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдемен күптелді. Атап айтқанда, Ирина Казюлина финалдық бәсекеде украиналық Юлия Лесковецтің осал тұсын таба алмаса, Анастасия Панасович франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге есе жіберді.
Сонымен қатар Айнұр Әшімова (55 кг), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 кг) өз салмағында қола жүлдеге ие болды. Жалпыкомандалық есепте Польша құрамасының балуандары көш бастаса, Қазақстан мен Канада спортшылары үздік үштіктің қатарынан көрінді.

