Қоғам
1 мин оқу 220

Астана маңында қамыс өрті сөндірілді

<p style="text-align: justify;">Целиноград ауданының Қаражар ауылынан 8 шақырым жерде қамыс өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Астана маңында қамыс өрті сөндірілді

Ведомствоның мәліметінше, өрт 2 тамызда сағат 17:09 шамасында тұтанған. Қызыл жалын 4 гектар аумақты шарпыған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 1 өрт сөндіру техникасы, Астана қаласы ТЖД-нан 20 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өрт 3 тамызда сағат 03:50-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», деді ведомстводан.

Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Астана маңында қамыс өрті сөндірілді · Egemen Qazaqstan