Елдің үш өңіріне қуаңшылық қаупі төніп тұр
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын ұсынды. Метеорологтар еліміздің үш өңіріне қатты қуаңшылық қаупі төніп тұрғанын ескертті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Қазгидрометтің дерегінше, осы айда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғал деңгейі негізінен нормаға жақын болады.
Мына өңірлерде қалыпты құрғақшылық болады:
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында;
Қызылорда облысының Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласында;
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында;
Жамбыл облысының Қордай, Жуалы аудандарында және Тараз қаласының маңында;
Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Түркістан, Созақ және Сарыағаш аудандарында;
Арқалық қаласының маңында (Қостанай облысы);
Қарағанды маңында.
Мына үш аймақта қатты құрғақшылық болжанды:
Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында;
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында;
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында.
«Батыс Қазақстан облысының Қазталов және Тасқала аудандарында қалыпты ылғал болады», деп қосты «Қазгидромет».
